Ұялы құрылғыларды және жабдықты сақтықпен орнатыңыз, Қазақ тілі

Samsung Box

Level Box Mini EO-SG900DBESTA EO-SG900DRESTA EO-SG900DSESTA

Download 552 pages 0 b View all pages
Page 304
Page screenshot 304
Ұялы құрылғыларды және жабдықты сақтықпен орнатыңыз

Ұялы құрылғыларды және жабдықты сақтықпен орнатыңыз

Көлігіңізге орнатылған ұялы құрылғыларыңыздың немесе оларға қатысты жабдықтардың берік бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.

Құрылғыны немесе көмекші құралдарды ауа жастық шығатын аймақтарға орналастырмаңыз. Ауа жастықтары дереу шыққан кезде, дұрыс орнатылмаған сымсыз құрылғы денеңізді едәуір жарақаттауы мүмкін.

Құрылғыңызды түсіріп алмаңыз немесе құрылғыңызға соққы тигізбеңіз

Құрылғы зақымдалуы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Егер майысса не пішіні өзгерсе, құрылғыңыз зақымдалуы не бөлшектері істемей қалуы мүмкін.

Батареяның және зарядтағыштың ең жоғарғы жарамдылығына көз жеткізіңіз

Батареялар ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған кезде дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Кейде пайдаланылмаған құрылғы заряды таусылса, оны пайдалану алдында зарядтау керек.

Зарядтағыш қолданылмаған кезде, оны қуат көздерінен ажыратыңыз.

Батареяны тек арнайы мақсаттарында пайдаланыңыз.

Құрылғының және батареяның ең ұзақ қызмет көрсету мерзімін қамтамасыз ету үшін осы нұсқаулықтағы бүкіл нұсқауларды орындаңыз. Ескертулер мен нұсқауларды орындамау тудырған зақымдар немесе нашар өнімділік өндіруші кепілдігінің күшін жоюы мүмкін.

Құрылғы уақыт өте келе тозады. Кейбір бөлшектер және жөндеу жарамдылық кезеңінде кепілдікпен қамтылады, бірақ бекітілмеген қосалқы құралдарды пайдалану тудырған зақымдар немесе нашарлау қамтылмайды.

Қазақ тілі

Page 304
Page screenshot 304
Ұялы құрылғыларды және жабдықты сақтықпен орнатыңыз, Қазақ тілі - Samsung