Көп мақсатты ұя мен зарядтағыштың шағын ұшын сұйық заттар, шаң, металл ұнтағы және қарындаш графиті сияқты өткізгіш заттарға тигізбеңіз
Өткізгіш материалдар жарылысқа немесе өртке әкеп соқтыратын қысқаша тұйықталуға немесе шіруге себеп болуы мүмкін.
Құрылғыны немесе батареяны тістемеңіз немесе сормаңыз
•Бұлай істеу құрылғыны зақымдауы я болмаса жарылыс немесе өрт туындатуы мүмкін.•Балалар немесе жануарлар шағын бөліктерден шашалуы мүмкін.•Егер балалар құрылғыны пайдаланса, құрылғыны дұрыс пайдаланып отырғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны немесе онымен бірге берілген қосалқы құралдарды көзге, құлаққа немесе ауызға салмаңыз
Тұншығып немесе ауыр жарақат алып қалуыңыз мүмкін.Зақымдалған немесе ағып кеткен литий ион (Li-Ion) батареяны қолданбаңыз
Литий ионды батареяны қауіпсіз етіп тастау үшін жақын жердегі өкілетті қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз.
Құрылғыда магниттер бар. Американдық жүрек қауымдастығы (АҚШ) және дәрілер мен медициналық тауарлар айналымын бақылау агенттігі (БК) магниттердің ендірілген кардиостимуляторлардың, кардиовертерлердің, дефибрилляторлардың, инсулин насостарының немесе басқа электрлі медициналық құрылғылардың (жалпы алғанда «Медициналық құрылғы») 15 см ауқымында пайдалануына әсер етуін ескертеді. Егер сіз осы медициналық құрылғыларды пайдаланатын болсаңыз, БҰЛ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ДӘРІГЕРІҢІЗБЕН КЕҢЕСПЕСТЕН БҰРЫН ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.