Dual Sound мүмкіндігін пайдалану

Samsung Box

Level Box Slim EO-SG930CBEGUS EO-SG930CLEGUS EO-SG930CREGUS

Download 733 pages 28.45 Kb View all pages
Page 593
Page screenshot 593
Dual Sound мүмкіндігін пайдалану

Bluetooth динамигін пайдалану

Dual Sound мүмкіндігін пайдалану

Bluetooth динамигінде Dual Sound мүмкіндігіне қолдау көрсетіледі. Бір аудионы ортақ пайдалану үшін екі Bluetooth динамигін қоса аласыз. Сонымен қатар, сол және оң жақ динамикті екі арнаға бөлу үшін екі динамик пайдалана аласыз.

Аудионы бөліскіңіз келетін Bluetooth динамигі қосулы екеніне көз жеткізіңіз.

Bluetooth динамигі мобильді құрылғыға қосылуы қажет. Егер Bluetooth динамигі мобильді құрылғыға қосылмаған болса немесе екіден аса мобильді құрылғыға қосылса, Dual Sound мүмкіндігін белсендіру мүмкін емес.

Егер Bluetooth динамигі мен қосылған құрылғылардың арасындағы қашықтық тым үлкен болса, сигналға кедергі жасалса немесе Wi-Fi сигналы тым қатты болса, дыбыс сапасы төмен болуы мүмкін.

Егер Dual Sound мүмкіндігін пайдаланған уақытта Bluetooth динамигі қайта қосылса, ол Dual Sound мүмкіндігіне оралуға әрекет жасайды. Алайда, егер басқа Bluetooth динамигі басқа мобильді құрылғыға қосылған болса, Dual Sound мүмкіндігінің жұмысы автоматты түрде қалпына келтірілмейді.

Егер Dual Sound мүмкіндігін пайдалану кезінде Bluetooth мүмкіндігі өшірілсе, екі Bluetooth динамигі арасындағы байланыс аяқталады. Қайта қосқанда Dual Sound мүмкіндігін белсендіру алдында қосулы болған мобильді құрылғыға автоматты түрде қайта қосылады.

Аудионы бөліскен уақытта, дауыстық хабарландыру мүмкіндігі сөндірулі болады.

Басқа Bluetooth динамигі үшін өнімнің айрықшаламасын қарау және ол Dual Sound мүмкіндігіне қолдау көрсететіндігіне көз жеткізу мақсатында www.samsung.com сілтемесінен өтіңіз.

1 Басқа Bluetooth динамигі  Ойнату/Bluetooth жұптау түймесін және Дыбыс деңгейі (-) түймесін шамамен бір секунд басып тұрыңыз.

2 Bluetooth динамигі  Ойнату/Bluetooth жұптау түймесін және дыбыс деңгейі (+) түймесін шамамен бір секунд басып тұрыңыз.

Аудио ортақ пайдаланылады.

Аудио ортақ пайдалануды тоқтату үшін Bluetooth динамигіндегі Дыбыс деңгейі (+) және Дыбыс деңгейі (-) түймесін шамамен бір секунд басып тұрыңыз.

Қазақ тілі

15

15

Page 593
Page screenshot 593
Dual Sound мүмкіндігін пайдалану - Samsung Box EO-SG930CBEGUS