Bluetooth динамигін қосу және өшіру, Басқа құрылғыға қосылу

Samsung Box

Level Box Slim EO-SG930CBEGUS EO-SG930CLEGUS EO-SG930CREGUS

Download 733 pages 28.45 Kb View all pages
Page 587
Page screenshot 587
Bluetooth динамигін пайдалану
Bluetooth динамигін пайдалану

Bluetooth динамигін қосу және өшіру

Bluetooth динамигін қосу немесе өшіру үшін қуат түймесін басып тұрыңыз.

Бірінші рет іске қосқан кезде Bluetooth динамигі Bluetooth жұптастыру режиміне енеді.

Bluetooth динамигі тұрып қалса және жауап бермей жатса, қуат түймесін сегіз секундтан артық уақыт бойы басып тұрыңыз.

Сымсыз құрылғыларды пайдалануға тыйым салынатын жерлерде, мысалы ұшақтардың бортында және ауруханаларда барлық жарияланған ескертулерді және уәкілетті қызметкерлер құрамының нұсқауларын ұстаныңыз.

Басқа құрылғыға қосылу

Bluetooth функциясын пайдалану туралы ескертулер

Bluetooth — әр түрлі қашықтықтардағы әр түрлі құрылғыларға қосылу үшін 2,4 ГГц жиілігін пайдаланатын сымсыз технология стандарты. Ол кабельдерді жалғаусыз мобильді құрылғылар, компьютерлер, принтерлер және басқа сандық үй құрылғылары сияқты басқа Bluetooth қолдайтын құрылғыларға қосыла және олармен деректер алмаса алады.

Bluetooth динамигін басқа құрылғыға қосқанда мәселелерді болдырмау үшін құрылғыларды бір-біріне жақын қойыңыз.

Bluetooth динамигі мен екінші Bluetooth құрылғысы ең жоғары Bluetooth ауқымының (10 м) ішінде екеніне көз жеткізіңіз. Қашықтық, құрылғылар пайдаланылатын қоршаған ортаға байланысты өзгере алады.

Bluetooth динамигі мен қосылған құрылғы арасында кедергілер, соның ішінде, адам денелері, қабырғалар, бұрыштар немесе қоршамдар жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

Жалғанған құрылғының Bluetooth антеннасына тимеңіз.

Қазақ тілі

9

9

Page 587
Page screenshot 587
Bluetooth динамигін қосу және өшіру, Басқа құрылғыға қосылу - Samsung