Құрылғыңызды бөлшектемеңіз, түрін өзгерпеңіз немесе жөндемеңіз
•Құрылғыңызға енгізілген өзгертулер не түрлендірулер өндірушінің кепілдігін жарамсыз етеді. Құрылғыға қызмет көрсету қажет болса, құрылғыны Samsung қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.
•Жарылуға не өрттің шығуына себеп болатындықтан, батареяны бөлшектемеңіз немесе теспеңіз.
•Батареяны алмай тұрып құрылғыны өшіріңіз. Құрылғы қосулы кезде батареяны алсаңыз, бұл құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
Құрылғыны тазалағанда мыналарды ескеріңіз
•Құрылғыңызды не зарядтағышты сүлгімен не шүберекпен сүртіңіз.•Батарея ұштарын мақта тампонмен немесе орамалмен тазалаңыз.•Химикаттар не тазалағыш құралдар пайдаланбаңыз. Бұлай істеу құрылғы сыртының түссізденуіне немесе тот басуына әкелуі мүмкін я болмаса ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.
Құрылғыны арналған мақсатына пайдаланудан басқа мақсатқа пайдаланбаңыз
Құрылғы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.Құрылғыны қоғамда пайдаланған кезде басқаларын мазаламаңыз
Құрылғыңызды тек білікті мамандар ғана жөндесін
Біліксіз мамандарға құрылғыңызды жөндеттіру салдарынан құрылғыңыз зақымдануы мүмкін және өндіруші кепілдігі жарамай қалады.
SIM карталарды, жад карталарын немесе кабельдерді күтіп ұстаңыз
•Құрылғыға картаны салғанда немесе кабельді қосқанда, карта тиісті жаққа салынғанын немесе кабель тиісті жаққа қосылғанын тексеріңіз.
•Құрылғы белгілі бір ақпаратты жіберіп немесе қабылдап жатқан кезде картаны шығарып алуға болмайды, себебі бұл әрекет деректердің жойылуына және/немесе картаның немесе құрылғының зақымдалуына себеп болуы мүмкін.