•Карталарды қатты соққылардан, статикалық электрден және басқа құрылғылардың электр әсерінен қорғаңыз.
•Сары байланыстарына немесе терминалдарына саусағыңызды немесе металл заттарды тигізбеңіз. Карта кірлеген жағдайда, оны жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
•Күшпен немесе дұрыс емес картаны салу немесе кабельді қосу көп мақсатты ұяның немесе құрылғының басқа бөлшектерінің зақымдануына әкелуі мүмкін.
Төтенше қызмет орындарына қоңырау шалынатынын тексеріңіз
Құрылғыңыздан төтенше қызмет орындарына кейбір аймақтарда немесе жағдайларда қоңырау шалынбауы мүмкін. Қолданыс аясынан тыс немесе дамымаған аумақтарға саяхатқа шығар алдында төтенше қызмет қызметкерлерімен байланысқа түсудің басқа әдісін жоспарлаңыз.
Жеке деректерді қорғаңыз және құпия ақпараттың ағып кетуін немесе дұрыс емес пайдаланылуын болдырмаңыз
•Құрылғыны пайдаланғанда, маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасап қойыңыз. Samsung компаниясы кез келген дерек жоғалуы үшін жауапты болмайды.
•Құрылғыңызды қалдық ретінде тастағанда, барлық деректердің сақтық көшірмесін жасап, жеке деректеріңізді басқа пайдалануға жол бермеу үшін құрылғыңыздың зауыттық мәндерін қалпына келтіріңіз.
•Бағдарламаларды жүктеп алғанда, рұқсаттар экранын мұқият оқыңыз. Көптеген функцияларды немесе жеке ақпаратыңыздың көп бөлігін пайдалану мүмкіндігін беретін бағдарламалармен аса мұқият болыңыз.
•Мақұлданбаған немесе тыйым салынған қолдану түрлері туралы хабарламаларды есептік жазбаңыздан оқыңыз. Жеке ақпаратыңыздың дұрыс қолданылмағанын байқасаңыз, қызмет жеткізушісіне хабарласып, есептік жазба ақпаратын жойыңыз немесе өзгертіңіз.
•Құрылғы жоғалса немесе ұрланса, жеке ақпаратыңызды қорғау үшін есептік жазбалардың құпия сөздерін ауыстырыңыз.
•Танымайтын көздердің бағдарламаларын пайдаланбаңыз, құрылғыны өрнекпен, құпия сөзбен немесе PIN кодымен құлыптаңыз.