Bluetooth динамигін пайдалану, Мультимедиалық файлдарды ойнату

Samsung Box

Level Box PRO EO-SG928TBEGUS EO-SG928TFEGUS

Download 746 pages 41.33 Kb View all pages
Page 588
Page screenshot 588
Bluetooth динамигін пайдалану

Bluetooth динамигін пайдалану

Bluetooth динамигін пайдалану

Bluetooth динамигі екінші құрылғыға қосылған болса, әр түрлі мүмкіндіктер қол жетімді.

Келесі сипаттамалар Android 5.0 орнатылған Samsung мобильді құрылғысына негізделген. Жалғанып қосылған құрылғыға байланысты кейбір функциялар ерекшеленуі немесе сіздің Bluetooth динамигінде жұмыс істемеуі мүмкін.

Мультимедиалық файлдарды ойнату

Bluetooth динамигі, қосылған құрылғылардың мультимедиалық файлдарын ойнатуды басқару және олардың дыбыс деңгейін басқару мүмкіндігіне ие.

Bluetooth динамигі белгіленген құрылғыларға қосылған кезде, мультимедиалық файлдарды ойнатуды басқару мүмкіндігіне ие болмайды.

Bluetooth динамигі және басқа құрылғы аудио кабель арқылы қосылып тұрған кезде, Bluetooth динамигі тек дыбыс деңгейін ғана бақылай алады.

Егер зарядтау кезінде файлды қатты дыбыс деңгейімен ойнатсаңыз, Bluetooth динамигі сөнуі мүмкін.

Мультимедиалық файлды ойнату және кідірту

Көп функция түймесін басыңыз. Ең соңғы болып ойнатылған музыкалық файл, қосылулы құрылғыда орнатылған әдепкі музыкалық қолданбада автоматты түрде ойнатылатын болады.

Ойнату кезінде, ойнатуды кідірту үшін көп функция түймесін басыңыз. Ойнатуды жалғастыру үшін көп функция түймесін қайтадан басыңыз.

Мультимедиалық файлдар екі қосылулы құрылғыда бір уақытта ойнатылып жатса, Bluetooth динамигі, бірінші болып ойнатыла бастаған құрылғыда файлды ойнататын болады. Қазіргі уақытта ойнатылып жатқан файлды кідіртсеңіз, екінші құрылғыда ойнатылып жатқан файл автоматты түрде ойнатылады.

Қазақ тілі

12

12

Page 588
Page screenshot 588
Bluetooth динамигін пайдалану, Мультимедиалық файлдарды ойнату - Samsung