Bluetooth динамигін пайдалану
Аудионы Dual Sound мүмкіндігі бөлісу
Bluetooth динамигінде тыңдап жатқан аудионы Dual Sound мүмкіндігін қолдайтын басқа Bluetooth динамиктерімен бөлісіңіз. Екі Bluetooth динамигін қосып, бірдей аудионы ойнатуға немесе оларды екі арналы динамик ретінде пайдалануға болады.
Аудионы бөліскіңіз келетін Bluetooth динамигі қосулы екеніне көз жеткізіңіз.
•Bluetooth динамигін смартфон немесе планшет сияқты мобильді құрылғыға қосу керек. Егер Bluetooth динамигі мобильді құрылғыға қосылмаған болса немесе бірнеше мобильді құрылғыға қосылған болса, аудионы басқа Bluetooth динамигімен бөлісе алмайсыз.
•Егер Bluetooth динамигі мен қосылған құрылғылардың арасындағы қашықтық тым үлкен болса, олардың арасында кедергі болса немесе
•Егер Dual Sound мүмкіндігін пайдаланған уақытта Bluetooth динамигін сөндіріп, қайтадан қоссаңыз, ол Dual Sound мүмкіндігіне оралуға әрекет жасайды. Алайда, егер басқа Bluetooth динамигі мобильді құрылғыға қосылған болса, Dual Sound мүмкіндігінің жұмысы қалпына келтірілмейді.
•Бөлісу кезінде өшірілсе, екінші Bluetooth динамигі сіздің Bluetooth динамигіңізден ажыратылады. Қайта қосқанда ол аудионы бөлісу алдында қосулы болған мобильді құрылғыға автоматты түрде қайта қосылады.
•Аудионы бөліскен уақытта, дауыстық хабарландыру мүмкіндігі сөндірулі болады.
•Басқа Bluetooth динамигі үшін өнімнің айрықшаламасын қарау және ол Dual Sound мүмкіндігіне қолдау көрсететіндігіне көз жеткізу мақсатында www.samsung.com сілтемесінен өтіңіз.
Қазақ тілі
14
14