Жұмысты бастау
1
2
Зарядтағыш ұяшығының қақпағын ашыңыз. Құлақаспапты USB қуат адаптеріне USB кабелі арқылы қосыңыз. USB қуат адаптерін электрлік розеткаға жалғаңыз.
Зарядтағышты қате қосу құлақаспаптың қатты зақымдалуына әкелуі мүмкін. Қате пайдаланудан болған кез келген зақым кепілдікпен қамтылмайды.
Толық зарядтаған соң, алдымен USB кабелін құлақаспаптан ажыратыңыз, одан кейін оны компьютерден не электр розеткасынан алыңыз.
Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз. Зарядтағыштың қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуат ысырабын болдырмау үшін пайдаланбаған кезде зарядтағышты электр розетка ұясынан ажырату керек. Зарядтау кезінде зарядтағыш электр розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді болуы керек.
Құлақаспапты қосу және өшіру
Bluetooth жұптастыру режимі
Қосулы Өшірулі
Ұшақтар мен ауруханалар сияқты сымсыз құрылғылардың пайдаланылуы шектелген аймақтарда өкілетті қызметкер тарапынан орнатылған барлық ескертулер мен нұсқауларды қатаң түрде ұстаныңыз.
Қазақ тілі
6