Басқа құрылғыларға қосылу
Бұл құлақаспап Bluetooth қосылған құрылғылармен үйлесімді.1
2
Құлақаспап Қуат қосқышын белгішесіне қарай жылжытыңыз және Bluetooth жұптастыру режиміне кіру үшін шамамен үш секунд ұстап тұрыңыз.
Құлақаспапты алғаш рет қосқанда, ол Bluetooth жұптастыру режиміне автоматты түрде кіреді.
Басқа құрылғы Bluetooth мүмкіндігін іске қосып, Bluetooth құрылғыларын іздеңіз. Қосымша ақпарат алу үшін басқа құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
•Құлақаспаптың PIN коды басқа құрылғының Bluetooth параметрлері экранында көрсетілген жақшадағы төрт таңбалы нөмір болып табылады. Нөмір құлақаспапқа байланысты әр түрлі болады.
•Құрылғылар жұптастырылған соң, әр қосқан сайын соңғы қосылған құрылғылар құлақаспапқа автоматты түрде қосылады.
•Bluetooth байланысы орын алмаса немесе басқа құрылғы құлақаспапты таба алмаса, басқа құрылғы тізімінен құрылғы туралы ақпаратты жойыңыз. Одан кейін, әрекетті қайталаңыз.
•Егер құлақаспап дұрыс жұмыс істемесе, оны қайта қосып, құрылғыларды жұптастыру әрекетін қайталаңыз.
•Қосылған құрылғыларға байланысты Bluetooth байланысының ауқымы мен дыбыс сапасы өзгеруі мүмкін.
Қосымша құрылғыларды қосу
Құлақаспап бір уақытта ең көбі екі Bluetooth мүмкіндігі бар құрылғыға қосылуы мүмкін. Құлақаспапты екі құрылғыға қосқанда, қосылған соңғы құрылғы басты құрылғы ретінде танылады. Екінші құрылғы қосымша құрылғы ретінде танылады.
1 Құлақаспапты құрылғыға Bluetooth арқылы қосыңыз.Қазақ тілі
8