Bluetooth арқылы қосылу
2
3
4
Қуат қосқышын оңға қарай жылжытыңыз және Bluetooth жұптастыру режиміне кіру үшін шамамен үш секунд ұстап тұрыңыз.
Бірінші құрылғы ажыратылады.Құлақаспапты екінші құрылғыға қосыңыз.Бірінші құрылғының Bluetooth параметрлері экранынан құлақаспапты бірінші құрылғыға қайта қосыңыз.
Бұл мүмкіндікке кейбір құрылғылар қолдау көрсетпейді.Құрылғыларды қайта қосу немесе ажырату
Құрылғыларды қайта қосу
Құрылғылар арасындағы қашықтықтың себебінен Bluetooth байланысы орындалмаса, нақты бір уақыт ішінде құрылғыларды жақындатыңыз. Құрылғылар автоматты түрде қайта қосылады.
Құрылғының ақаулығына байланысты Bluetooth байланысы үзілсе, қосылған құрылғыдағы Bluetooth мәзіріне кіріп, оларды қайта жұптастырыңыз.
Құрылғыларды ажырату
Қуат қосқышын белгішесіне қарай жақындатыңыз және шамамен үш секунд ұстап тұрыңыз. Одан кейін байланыс аяқталып, құлақаспап Bluetooth жұптастыру режиміне енеді.
Құлақаспапты өшіру арқылы да байланысты аяқтауға болады. Құлақаспапты қайта қосқанда және құрылғылар ауқым аясында болғанда, құлақаспап ең соңғы жұптастырылған құрылғыға автоматты түрде қосылады.
Bluetooth байланысы дұрыс ажыратылмаса, шу естілуі мүмкін.Қазақ тілі
9