Қосымша
Ақаулықтарды жою
Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын, келесі қадамдарды орындаңыз.
Құлақаспап іске қосылмайдыБатарея қуаты толығымен таусылғанда, құлақаспап іске қосылмайды. Құлақаспапты іске қоспас бұрын, батареяны толығымен зарядтаңыз.
Құлақаспап қатып қала бередіЕгер құлақаспап дыбысы қатып қалса не бұрмаланса, құлақаспапты өшіріп, қайта қосыңыз.
Құлақаспапта әлі де осы ақаулық жойылмаса, Bluetooth байланысын үзіп, қайта қосыңыз. Осы әрекетті орындау үшін, қуат қосқышын белгішесіне қарай жақындатыңыз және Bluetooth жұптастыру режиміне кіру үшін шамамен үш секунд ұстап тұрыңыз. Құлақаспап Bluetooth жұптастыру режиміне кіргенде, құрылғыларды қайта қосыңызда, құлақаспап жұмысын тексеріңіз.
Ақаулық әлі де түзелмесе, Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Батарея дұрыс зарядталмайды (Samsung мақұлдаған зарядтағыштар үшін)Зарядтағыштың дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.
Ақаулық әлі де шешілмесе, Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қазақ тілі
14